
Баршаңызға сәлем! Менің аты-жөнім Даниярбек Баxытжан және мен Foundation Бағдарламасының Студенттер Кеңесі Әлеуметтік Департаментінің мүшесімін. Барша студенттердің мүдделері мен құқықтарын қорғап, насиxаттайтын өкілді органның мүшесі болу мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.
Өзім жайлы айтар болсам, мен Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегімін және мектеп өзін-өзі басқару ұйымының бұрынғы вице-президентімін. Мектеп өмірі үшін маңызды әрі жауапкершілігі мол лауазымда бола тұрып, түрлі адамдармен жұмыс істеп және олардың мәселелерін тыңдап үйрену арқылы аса құнды тәжірибе жинадым. Foundation Бағдарламасы студенттерінің, яғни сіз бен біздің студенттік өмірімізді мейлінше жақсы әрі қызықты етуге бар білгенім мен тоқығанымды қуана-қуана қолдануға әрқашан дайынмын.
Мен Назарбаев Университеті жеке тұлға ретінде дами отырып, қоршаған әлемнің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін бірден бір оқу орны деп білемін.
Мақсатымызға бірге қол жеткізейік!