2020 жылғы 14 маусымда Назарбаев Университетінде түлектерге диплом тапсырудың виртуалды рәсімі өтті

2020 жылғы Салтанатты рәсім ерекше болып табылады, өйткені биыл Назарбаев Университеті өзінің он жылдық мерейтойын атап өтуде және COVID-19 пандемиясына байланысты Салтанатты рәсім алғаш рет цифрлық форматта ұйымдастырылды.
⠀
Биыл Университетті 1051 студент бітірді, оның ішінде 618 бакалавриат, 433 магистратура және докторантура бағдарламаларының түлектері.
⠀
Түлектерді өмірлеріндегі осындай маңызды оқиғамен тағы да құттықтаймыз және оларға жаңа биік белестерге жетуді тілейміз!
⠀