АКАДЕМИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ (ALC)
ALC мақсаты
ALC студенттерге академиялық дағдыларды үйренуге және дамытуға және академиялық өсуге көмектесуге арналған. Бұл міндетті курс емес, студенттер қолдана алатын ресурс. Бұл оқыту мен дамуды жақсырақ бақылауға, тәжірибелі тәлімгерлерден кеңес пен көмек сұрауға мүмкіндік береді.
ALC студентті лингвистикалық (жазу, ауызша сөйлеу, оқу, тыңдау, грамматика, лексика) дағдыдан бастап академиялық (ұйымдастыру, пайымдау / логика, проблемаларды шешу) және практикалық (форматтау, беттеу, техникалық, оқу техникасы, жеке даму) дағдыларға дейінгі барлық тілдік және оқу дағдыларында қолдайды.
ALC қызметі
Студенттер пайдалана алатын бірқатар іс-шаралар бар. Олардың барлығы студенттерге іс-шараға тіркелу немесе жай ғана қатысу үшін алдын-ала жарнамаланады. Өзгерістер мен жаңартулар туралы апта сайынғы студенттік ақпараттық бюллетеньде хабарланады.
Жеке консультациялар
Егер оқу процесі немесе тіл туралы нақты сұрақ туындаса, студенттер EAP тәлімгерімен 25 минуттық консультацияға жазыла алады. Студенттер консультацияға қажет болған жағдайда жиі жазыла алады. Барлық жазбалар ALC Moodle бетінде онлайн режимінде жүзеге асырылады.
Консультацияға қалай жаэылуға болады:
- Moodle-де уақыт аралығын брондаңыз.
- Брондау күні таңертең расталған электрондық хатты алыңыз.
- Егер бұл Zoom сеансы болса, сілтемесі бар электрондық хат аласыз. Әйтпесе, барлық консультациялар ALC 107 бөлмесінде өтеді. Бірнеше минут бұрын келіңуіңізді өтінеміз.
- Консультация алу үшін нақты сұрақ немесе тақырып беріңіз.
- Тьютор сіздің сұрағыңызды тыңдап, кері байланыс жасайды немесе сізді жауапқа бағыттайды.
Біз кез келген академиялық жұмыс түріне, зерттеу, оқу, жазу, презентация жасауға көмектесе аламыз; және бұл олардың бірнешеуі ғана. ALC оқытушылары мазмұны туралы немесе курстық жұмысты қалай жазу керектігі туралы кеңес бере алмайтынын ескеріңіз; дегенмен, біз техникалық сұрақтарға көмектесуге немесе жалпы қосымша ұсыным беруге дайынбыз.
Қысқаша курстар
Жыл ішінде бірнеше рет бес апталық курстар өткізіледі. Бұл курстардың тақырыптары академиялық ағылшын тілімен байланысты: академиялық грамматика, академиялық лексика, академиялық оқу, тыңдалым және айтылым.
Шеберлік сабақтары
Қысқа курстардан басқа, жыл бойы мезгіл-мезгіл бір реттік семинарлар ұсынылады. Бұл семинарлар грамматика немесе APA сілтеме стилін қолдану немесе PowerPoint тиімді слайдтарын қалай жасау сияқты нақты тақырыптарды қамтиды.
Сөйлесу үйірмелері
Егер студенттер сөйлесуге деген сенімін арттырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіргісі келсе, ALC сөйлесу топтарының бірнеше түрін ұйымдастырады. Бұған әңгімелер мен фильмдерді талқылау, сондай-ақ жаңалықтардағы ағымдағы тақырыптарды талқылау кіреді. Сондай-ақ, бізде Қытай және Оңтүстік Корея университеттерімен саяхат, пікірталас топтары және халықаралық топ болды.
Moodle
ALC Moodle парағында барлық ALC іс-шаралары туралы ақпарат, тіркеу парақтарына сілтемелер және емтихан практикасына арналған материалдар бар.
Дайындаған ALC менеджері: John Seely