Жаңалықтар

Ата-аналардың сұрақтарына жауаптар

  1. Айтыңызшы, гуманитарлық ғылымдар аясында қандай пәндер оқытылады?
  2. Студенттер кез келген пәнді элективті пән ретінде таңдай алады. Элективтер бакалавриат бағдарламасында оқуға арналған пәнді таңдауға әсер етпейді. Олар студенттерге жаңа нәрсені байқап көруге мүмкіндік беру үшін жасалды, өйткені курстар тақырыпқа кіріспе болып табылады. Мысалы, егер студент мектепте физика пәнін ұзақ уақыт оқыған болса, онда ол физиканы қайтадан оқу керек емес
    1. Тьютор кім болады? Жоғары курстардың студенттері немесе университет әкімшілігінен бе?

    Жеке тьюторлар – EAP оқытушылары. Олар студенттермен жеке көп уақыт бірге болады және апта сайын олармен жеке сабақтар өткізеді. Олар сондай-ақ өз студенттеріне жеке даму модулін үйретеді. Бұл курс студенттерге университет өміріне бейімделуге және оқуға қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Олардың рөлі тек EAP оқытушылары ретінде ғана шектелмейді, бірақ олар студенттерге университет өміріне бейімделуге көмектесетін кеңесшілер болып саналады.

    1. Фаундэйшн бағдарламасынан кейін бакалавриатқа қалай түсуге болады? IELTS немесе SAT тапсыру керек пе, әлде бұл қысқы және жазғы емтихандардың нәтижелері бойынша бола ма?

    Бакалавриат бағдарламаларына өту үшін студенттер NUFYP курстарында белгілі бір балл жинауы керек. Олардың орташа балдары (1-семестр мен 2-семестрдегі бағалар) EAP-та 65%, математикадан 70% және олар оқыған барлық 4 электив бойынша 65% болуы керек. Бұл туралы қосымша ақпарат кейінірек, 1 семестрде жіберіледі. NUFYP студенттеріне бакалавриат бағдарламаларына өту үшін IELTS немесе SAT тапсырудың қажеті жоқ.

    1. Менің баламды IT технологиясы қызықтырады, оған қандай пәнді таңдау керек?

    Студенттердің оқу жылы ішінде 4 элективтен таңдауы бар. Өкінішке орай, Дайындық мектебінде IT мамандықтарының болашақ оқушылары үшін арнайы пән жоқ. Таңдау кезінде олар жаңа нәрсені біліп көруге назар аудару керек, өйткені олар бакалавриат бағдарламаларына ауысқан кезде, олар үйренгеннен гөрі кеңірек пәндерді оқуға мәжбүр болады. Бұл оларға жаңа пәндерді үйренуге көмектеседі.

         5. Жеке көмекті тек студент қана ала ма немесе ата-ана да жүгіне ала ма? Оқу онлайн болғандықтан, қазіргі кезде НУ медициналық ұйымына тіркелу керек пе?

    Ата-аналар кез келген сұрақ бойынша Дайындық мектебінің әкімшілігіне жаза алады. Студенттік істер департаменті медициналық орталықта тіркеуге байланысты барлық мәселелермен айналысады.

    6. Оқу кезінде студенттерде қандай мәселелер туындайды? Не үшін оқушылардың 10%-ын оқудан шығарады?

    Студенттердің басты мәселесі – тайм-менеджмент, олар барлығын соңғы минутта істей бастайды. Олар көбінесе емтиханға дейін бір-екі күн қалғанда оқи бастайды немесе соңғы мерзіміне дейін бірнеше ғана күн қалғанда жобаны істей бастайды. Бұл төмен балдар алуға әкеледі. Тағы бір маңызды мәселе – студенттер жұмысты бағаламайды және оны оңай болады деп ойлайды. Бағдарлама бұрын Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқыған адамдардан да уақыт пен жан-жақты оқуды талап етеді. Егер студенттер жұмысқа байыпты қараса және күш салса, олардың жетістікке жетпеуі мүмкін емес. Егер олар қиындықтарға тап болса, олар көмекке жүгінуі керек және біз оларды қолдауға қуаныштымыз.

    7. Студенттер оқытушыларды таңдай ала ма?

    Дайындық мектебінде 600-ден астам оқушы оқиды, бұл мұғалімдерді таңдауға мүмкіндік бермейді. EAP сыныптары мен математиктер үшін топтар IELTS нәтижелері мен қабылдау емтихандары негізінде мұқият таңдалады. Біз барлық мұғалімдерімізге қатысты өте жоғары стандарттарды ұстанамыз, ал барлық мұғалімдер қолданатын материалдар студенттерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін бірдей болады. Оқушыларға мұғалімдермен ашық сөйлесуге, сұрақтар қоюға және қажет болған кезде көмек сұрауға кеңес беріледі. Бұл оларға мұғалімдерімен қарым-қатынасын барынша арттыруға көмектеседі.

    8. Оқу материалы қалай беріледі? Электрондық кітапхана бар ма?

    Студенттер негізінен Moodle-ді оқу материалдарын алу үшін пайдаланады. Олар EAP пәні бойынша үй тапсырмаларын жазу және орындау үшін Google дискісін жиі пайдаланады, сонымен қатар Google дискісінің көмегімен олардың жұмысы туралы кері пікірлер алады. Математика үшін үй тапсырмалары Webwork-ке орналастырылады. Егер ата-аналар студенттерінен Moodle-де бар курстарды көрсетуді және онлайн сабақтарға, дәрістерге және курстық жұмыстарға қалай қол жеткізуді сұраса жақсы болар еді. Барлық жеке кездесулер Zoom-да өтеді.

    НУ кітапханасының веб-сайтында кеңейтілген онлайн-кітапхана бар. Студенттер жүйеге кіру үшін осы сілтеме арқылы өтеді:

    https://library.nu.edu.kz/wps/portal/!ut/p/b1/04_Sj9CPykssy0xPLMnMz0vMAfGjzOKdLD19nZwMHQ38PU1MDBwNDP39w_zdjSwcDYEKIoEKDHAARwNC-sP1o8BKnN0dPUzMfQwMLHzcTQ08HT1CgywDjY0NHI2hCvBY4eeRn5uqX5AbYZBl4qgIAIvG7sc!/dl4/d5/L2dNQSEvUUd3Qy80SmtHWWhBIS9aNl9COUlNQkIxQTBPSTQ0MEEwMU9PVk9HMjhBMS9aNl9COUlNQkIxQTBHVlFEMEk3SDdLVkswMjBOMg!!/  

    9. Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етіле ме?

    Емтихандарды қайта тапсыру ауырған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда оқушылар тиісті анықтаманы ұсынуы керек.

    Егер емтихан кезінде студенттерде интернетпен қиындық туындаса, оларға өз мұғалімімен және сол пән жетекшісімен тез арада хабарласқан жөн. Егер оқушылар емтиханға әсер етуі мүмкін интернетке байланысты жиі болатын қиындықтарды білсе, олар ол туралы өз мұғаліміне дереу бүгін хабарлауы тиіс.

    Егер студенттерде олардың емтихандағы үлгеріміне әсер етуі мүмкін қандай да бір басқа қиындықтары болса, оларға сол мәселені талқылау үшін Рэйчел Никласпен хабарласқан жөн. Оның жұмысы – студенттерге осындай қиындықтарда көмектесу және ол әрқашан көмектесуге дайын.

    10. Қосымша секцияларға қатысу жөнінде не айтасыз, ол да онлайн болма ма?

    Студенттік істер департаменті студенттер клубтары туралы сұрақтарға жауап бере алады.

    Биылғы жылы бізде NUFYP студенттік кеңесі өтеді. Қазіргі уақытта біз өтінімдерді қабылдаймыз және олар 28 тамызға дейін тапсырылуы тіис. Барлық студенттер өтінімді қалай беру туралы электрондық хат алды.

    11. 1 курсқа көшу қалай жүзеге асырылады?

    Бакалавриат бағдарламаларына ауысу оқу жылының соңында бітіру емтихандарынан кейін жүзеге асырылады. Барлық студенттер тиісті бакалавриат мектебіне оқуға ниет білдірген мамандыққа өтініш береді. Өтініште олардың бағалары, жеке тьюторлардың пікірлері және өздері туралы әңгімесі берілген. Содан кейін өтініштер өтініш берген мектептерге жіберіледі. Бұл ақпаратты әр мектептің комитеті (NUFYP емес) қарайды және олар студенттерді қабылдау туралы шешім қабылдайды.

    12. Соңғы емтихандар туралы не айтасыз, қанша балл болуы керек және олар қашан өтеді?

    Жуық арада ата-аналарға білімді бағалау жөніндегі іс-шаралардың күндері мен барысы туралы ақпарат жіберілетін болады.

    13. Сәлеметсіз бе, белгілі бір мамандыққа ауысу үшін фаунаға қатысушылардың лимиті бар ма? Мысалы, барлық студенттер бір пәнді таңдаса не болады?

    Иә, Computer Science сияқты кейбір бағдарламаларға шектеулер бар, олар өте танымал. Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары мектебі жәнеТау-кен ісі  мектебі сияқты кейбір бакалавриат мектептерінде студенттер тек мектепке өтініш береді, содан кейін мамандықты кейінірек таңдайды.

    Кейбір бағдарламалар басқаларға қарағанда танымал болғанымен, біздің оқушыларымыз әрдайым мектептер мен мамандықтардың кең спектрін таңдайды, сондықтан олардың барлығы бірдей бағдарламаны таңдау мүмкін емес.

    14. Студентпен байланыс пошта арқылы немесе басқа жолмен қалай жасалады?

    Студенттер арасында ақпаратты тарату үшін электрондық пошта қолданылады. Студенттер электрондық пошталарын күніне бірнеше рет тексеруі керек. Егер студенттер өздерінің электрондық пошталарын тексермесе, олар маңызды хабарламаларды жіберіп алады. Қазір, карантин кезінде студенттерге үнемі электрондық поштаны және Moodle-ді тексеріп, мұғалімдермен жиі сөйлесуі өте маңызды.

    15. Сәлеметсіз бе, трансляция кезінде дәрістерді/семинарларды жазып алуға бола ма?

    Барлық дәрістер студенттерге кез келген уақытта қол жеткізу үшін Moodle-де орналастырылады. Семинарлар жазылмайды және студенттер талқылауға қатысуы керек. Егер студенттердің техникалық немесе басқа да проблемалары болса, олар сабаққа қатыса алмайтындықтарын хабарлау үшін мұғалімдерімен мүмкіндігінше тезірек хабарласуы керек. Сондай-ақ, егер олардың мезгіл-мезгіл семинарлар мен оқу бағдарламаларына қатысуға байланысты проблемалары болса, Рейчел Никласпен хабарласуы керек.