Жаңалықтар

Cambridge Assessment Admissions Testing NUFYP кіріспе тестін әзірлеуге қалай дайындалды?

NUFYP қабылду емтиханы Cambridge Assessment Admissions Testing әзірленді. Біз Сізге NUFUP емтиханының қызықты егжей-тегжейлері туралы баяндайтын Cambridge Assessment Admissions Testing-пен өткізілген сұхбатты дайындадық.

– Cambridge Assessment Admissions Testing туралы айтып беріңізші? Халықаралық жұмыс тәжірибесі бар ма?

Cambridge Assessment Admissions Testing-оқыту жүргізілмейтін Cambridge University департаменті. Біз қабылдау тесттерін жүргізетін әлемдік деңгейдегі сарапшылар тобымыз және біздің тесттеріміз бүкіл әлем бойынша 150 елде пайдаланылады.  Біздің тесттеріміз бүкіл әлем бойынша университеттерге академиялық табыстарға жету үшін қажетті дағдылары бар студенттерді табуға көмектеседі. Біздің тесттеріміз университетке түсушілерге өз әлеуетін көрсетуге көмектеседі. Біздің жұмысымыз жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін арнайы жүргізілген зерттеулерге негізделеді. Біздің қызметкерлер-әртүрлі пәндер бойынша тестілеу жөніндегі жоғары кәсіби және тәжірибелі мамандар тобы. Бұл команда мұқият іріктелген техникалық мамандардың қолдауымен жұмыс істейді. Сондай-ақ, команда бүкіл әлем бойынша түрлі елдердің үкіметтерімен және университеттерімен жақын ынтымақтастықта жұмыс істейді. Біз Ұлыбританияның көптеген университеттері, әлемнің жетекші университеттері мен мектептері үшін медицина, ғылым және ойлау дағдылары саласында қабылдау тесттерін әзірлейміз және өткізуге көмектесеміз.

Cambridge Assessment Admissions Testing NUFYP кіріспе тестін әзірлеуге қалай дайындалды? Дайындық барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?                     

Біз NUFYP қабылдау емтиханын жасау үшін бірқатар мұқият жоспарланған кезеңдерден өттік:Бастапқыда біз оқуға түсушілерге ерекше қажеттілікті анықтау үшін Қазақстандағы дайындық мектебімен жеке кездесулер сериясын өткіздік.   Осы кездесулер кезінде біз Дайындық мектебінің жан жақты біліп, түсіну үшін біраз қосымша әдебиеттерді оқып, талқыладық, консультациялар өткіздік. Оның елдегі рөлін, оның мақсатын және қандай студенттер қажет екенін түсіну қажет болды. Бұл біздің стратегиямызды жан жақты жоспарлауға мүмкіндік берді және Дайындық мектебі үшін арнайы қабылдау тестін әзірлеуге жәрдем болды.Осыдан кейін, біз бүкіл Қазақстан бойынша консультациялар өткіздік. Біз білім беру жүйесінің құрылымын түсіну үшін түрлі жекеменшік және жалпы білім беретін мектептерге бардық. Сондай-ақ, біздің сапарларымыз кезінде біз қызметкерлермен және студенттермен жан-жақты сұхбаттар өткіздік. Бұл бізге мәдени контексттің толық түсінігін берді және біз бұған дейін оқып, зерттеген барлық нәрселерді толықтырды. Сонымен қатар, біз қазақстандық оқу бағдарламасының күн сайынғы режимде қалай жұмыс істейтінін толыққанды түсіну үшін стандартталған қазақстандық мектеп оқулықтарын қарап шықтық.Дайындық мектебімен консультация өткізу  кезінде алған барлық жиналған ақпаратты, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерден алынған ақпаратты пайдалана отырып, біз алғашқы сынақ тесттерін жасадық. Сынақ тесттері Cambridge Assessment стандарттарына сәйкес жасалған және сыртқы кеңесшілердің тәуелсіз тексерулері арқылы оларды пайдалана бастағанға дейін өтеді. Бұған қосымша, тест тапсыруға ықтимал қатысушылардың ана тілі ағылшын тілі болмағандықтан, біз тәуелсіз тіл сарапшыларынан тесттегі тіл деңгейінің сәйкес екенін тексеруді сұраймыз.Содан кейін, Қазақстандағы студенттердің шағын тобы сынақ тесттерінен өтіп көруге тырысты. Осы топтың нәтижелерін біз сыналатын тесттердің екінші жиынтығын жасауға көмектесетін егжей-тегжейлі статистикалық талдау үшін пайдаландық. Бұл тесттер бүкіл Қазақстан бойынша тест орталықтарында көптеген студенттер арасында тексерілді. Содан кейін екінші тестілеу нәтижелері талданды. Біз Дайындық мектебіне арналған алғашқы қабылдау тестін құруға көмектескен әр түрлі ақпараттар мен мәліметтерді жинап алуға мүмкіндік алдық.Біз қиындықтарға тап болған жоқпыз. Барлық процесс уақытында Ддайындық мектебінің қызметкерлері көп көмек берді,  ұйымдысқан жұмыс қатынастарын қалыптастыра алдық.

Қазіргі уақыттағы және 10 жыл бұрынғы қабылдау тесттерінің жасалуы арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріп, сәл тоқталып өте аласыз ба?

Соңғы 10 жылда қабылдау тесттерін әзірлеудің негізгі қағидаттары анау айтқандай  өзгере қойған жоқ. Бұл ретте, қабылдау тесттерін жасаудағы әлемдік жетекші ретінде біз қабылдау тесттерін әзірлеудегі өзіміздің философиямызды қалыптастырдық. Тесттерді әзірлеу және өткізу процесін жақсарта түсу үшін қазір   бізде осы деректерді талдау үшін түрлі деректер мен құралдарды пайдалану мүмкіндігі бар.

 

Сіз мәдени тұрғыда түсінікті және академиялық адал болып қалатын қазақстандық студенттерге арналған тестілерді қалай жасайсыз?

Тестілердің әрбір жиынтығы үшін арнайы хаттама бар, ол біздің тестілердің мәдени тұрғыда дұрыс және адал екеніне көз жеткізуге көмектеседі. Сұрақтар жасаудың бастапқы кезеңінде және бірінші сынақ тестін құру кезінде біз өткен жылғы тест статистикасын және тесттің өзін мұқият зерделедік. Содан кейін, сынақ тесттерін тесттер жөніндегі бірнеше тәуелсіз кеңесшілер тексерді. Олар тестілердің академиялық адал және өте күрделі екеніне көз жеткізуге көмектеседі. Содан кейін, білім беру жүйесімен және тест тапсыратын студенттермен таныс қазақстандық мұғалімдер командасы сынақ тесттерінен өтуге талпынып көреді де өз пікірлерімен бөліседі. Осы пікірлерді түпкілікті жоғары стадартты тесттерді жасау үшін пайдаланамыз.

 

Қазақстан мен басқа елдер арасындағы тест жасау жұмысын салыстырып көріңізші?

Біз бүкіл әлем бойынша түрлі университеттермен және білім беру жүйелерімен жұмыс істейміз. Қабылдау тесттерін әзірлеудегі айрықша ерекшелік, ол-клиенттеріміз үшін тесттер әзірлеп, оларды өткізу кезінде қалыптастыратын жақын және ұйымшыл қатынастарымыз.Дайындық мектебімен жұмыс істеу үлкен артықшылығы бар және рахат сыйлайтын жұмыс болып қала береді.  Орталық Азиядағы жаңа университетпен оның қалыптасуы мен дамуы кезеңінде жұмыс істеу,  зерттеу және оқыту үшін жетекші орынға айналып жатқан кезеңде жұмыс істеу үлкен артықшылық. Дайындық мектебіндегі біліктілігі жоғары, өз ісіне берілген кәсіпқойлармен жұмыс істеу де өзінше бір ләззат сыйлайды.

 Дайындық мектебінің қабылдау тесті барлық үміткерлер үшін тең сай келетініне  қалай көз жеткіздіңіздер?

Тестті қарқынды құру процесі және тестті тексерудің бірнеше циклы тест барлық кандидаттар үшін тең екеніне көз жеткізу үшін құрылған. Қосымша, біз тестке дайындалу үшін барлық материалдар еркін қолжетімділікте  болуын және біздің тесттеріміз кандидаттардың қандай мектепте оқығанын емес, қабілеттерін тексереді. Біз үміткерлерге дайындалуға мүмкіндік беру үшін және үміткерлердің бірде-біреуінде олардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына байланысты артықшылық болмауы үшін толыққанды ерекшеліктерді жариялаймыз. Біз олардың жынысы немесе шығу тегі бойынша ешкімді кемсітпеу үшін біздің тестілердің егжей-тегжейлі статистикалық шолуларын жүргіземіз.

Жоғары білім үшін қандай қиындықтар ең күрделі болып табылады?

Ең үлкен қиындықтардың бірі-түлектердің заманауи жаһандық әлем үшін қажетті дағдылары бар екеніне көз жеткізу. Жоғары жылдамдықты, интернационалдық әлемде түлектер өз саласының сарапшысы ғана болып қоймай, жаңа қиындықтарға бейімделіп, туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін ойлау дағдыларына да ие болуы керек. Сондай-ақ, оларға бүкіл әлем бойынша әріптестермен командада жұмыс істеу үшін коммуникация дағдылары қажет.Бүкіл әлем бойынша жоғары білімнің алдында кезігетін тағы бір қиындық-қоғамның барлық топтарының студенттері үшін білімге тең және адал қол жеткізу. Студент үлкен қаладан келген болсын, ауылдан келген болсын, білімді отбасынан шыққан, шықпағанына қарамастан, жоғары білім барлық жастарға өз әлеуетіне қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс.Әрине, қазір жоғары білім беру орындары коронавирустың жаһандық індетіне тап болды. Университеттер мектептегі сабақтардың бір бөлігін жіберіп алған үміткерлер үшін тең таңдау әдісін табуға тура келеді. Сондай-ақ университеттерге онлайн оқыту мүмкіндігін қарастыру керек болады. Бұған қоса, университеттер  егер студенттердің қажетті санын жинай алмаса және сол күйі жабық болып қалатын болса міндетті түрде қаржылық мәселелерге тап болады.

Назарбаев университетімен жұмыс істеудегі қызықтысы не болды?

Бізге ұйымдасқан және бір көзқарас пен жасқару ниетінің арқасында дамып келе жатқан білім жүйесінде жұмыс істеу қатты ұнады.  Университет алдындағы дайындық бағдарламасының жетістіктерін бақылау өте қызықты болды. Бұл жетістік, әрине, дайындық мектебінде жұмыс істейтін жоғары білікті қызметкерлердің жетістігі, сондай-ақ олардың жұмысқа деген адалдығы. Осы табыста біздің де шамалы роліміздің болғаны өте сүйсінерлік жағдай. Сондай-ақ, бұл мәдени бай және әдемі елге барудың тамаша тәжірибесі болды.