Covid-19 кезінде студенттерге онлайн кеңестер
Біз әрқашан сіздің жаныңыздамыз және көмектесуге дайынбыз
Кейде біз ештеңені бақыламайтындай болып көрінуіміз мүмкін. Біз әдеттегі білім алу тәсілдеріндегі көптеген өзгерістерге тап боламыз. Дайындық мектебі сізді осы қиын кезеңде қолдайды. Өзіңізге, сыныптастарыңызға және оқытушыларға шыдамды болыңыз. Сіздің өзіңізге деген қамқорлығыңыз – бірінші басымдық және біз өзіңіздің денсаулығыңызды бірінші орынға қойғаныңызды қалаймыз. Егер сізде нақты іс-қимыл жоспары болса, сіздің оқу жоспарыңыз ұйымдастырылады және сіз NUFYP қоғамдастығының құрамына кіру үшін Zoom сияқты онлайн-ресурстарды сенімді түрде пайдаланасыз, мұның бәрі сізге үдерісті бақылауыңызды сезінуге көмектеседі.
Жинақы болыңыз
Білім алу тәсілі өзгереді, сіз өзіңіздің сыныптастарыңыздан артта қалудан қорқып, не болып жатқанын түсінуге уақыт таба алмауыңыз мүмкін. Сіздің бүкіл оқу процесіңіздің жақсы ұйымдастырылуының көп көмегі бар. Сіз көп жұмыс істеуге, қосымша сабақтарға баруға және тағы басқаларға дағдыланған студент екеніңізді түсінеміз. Осы қиын уақытта өзіңізге қамқорлық жасаңыз, тым қатты еңбектенбеңіз, өзіңізге бір мезгілде өте көп міндеттерді алмауға тырысыңыз.
Бірнеше міндеттерді атқарудан аулақ болыңыз
Қазір оқу процесінің көп бөлігін студенттің өзі бақылап отырған кезде, көптеген адамдар бірден және бір уақытта бәрін жасауға тырысады (дәрісті тиімді тыңдап, instagram лентасын қарап отыру мүмкін емес шығар). Есіңізде болсын, ешкім бір мезгілде бірнеше істі нәтижелі тындыра алмайды. Тырысқанымен, сіз жай ғана назарыңызды әртүрлі нәрселерге аударасыз, ал бұл тиімділікті едәуір төмендетеді және сіз тіпті үйренген материалды да есіңізге түсіре алмайсыз.
Күнтізбе жасаңыз
COVID эпидемиясына байланысты бізде әлеуметтік іс-шаралар, митингілер мен жұмыс сағаттарының саны едәуір азайды. Күнтізбе жүргізу сіздің жұмысыңыздың құрылымын жасауға және ынталы болуға көмектеседі. Егер сізде әлі күнтізбе немесе күнделік болмаса, өзіңізді күтуге және жаттығулар жасауға уақыт бөліп, күніңізді жоспарлауға тырысыңыз.
Бейне дәрістерден барынша пайда алыңыз
Оқытушының нұсқауларын мүмкіндігінше орындауға тырысыңыз. Егер сіз нақты кестені ұстанып отырсаңыз, бұл қалыпты оқу процесіндегідей сезінуге көмектеседі және сыныптастарыңыздан артта қалған жағдайдың алдын алуға көмектеседі.
Көбірек сұрақтар қойыңыз, пікірталастар мен чаттарға қосылыңыз. Дәрістерді тыңдау кезінде алаңдататын парақшалар мен қосымшаларды жабыңыз. Біз бұл қиын екенін білеміз, бірақ TikTok дәрістен кейін сол жерде болады деп уәде береміз!
Сабақта болған сияқты жазбалар жасауды жалғастырыңыз.
Әдеттегі білім алу әдеттеріңізді жаңасына ауыстырыңыз
Сіздің күнделікті әдеттеріңіз сізбен ұзақ уақыт болды, бірақ жаңа болмыста жаңа әдеттерге бейімделудің жолын табуға тырысыңыз.
Мысалы, қайда оқуға дағдыланғаныңыз туралы ойланыңыз. Егер сіз әдетте кофеханада немесе кітапханада оқитын болсаңыз, бұл жағдайды үйде де жасауға тырысыңыз. Мүмкін сізге бөлмеңізде емес, ас үйде оқу оңайырақ болар. Егер сізге назар аудару үшін шуыл қажет болса, ақ шуды немесе классикалық музыка қосымшаларын қосып көріңіз.
Егер сіз топтағы жаңа материалды үйренгіңіз келсе, сыныптастарыңызбен виртуалды сессияларды бейне қосымшалар арқылы қолданып көріңіз, тіпті мұғалімге қоңырау шалу сізге көмектесе алады. Сіздің тьюторыңызбен жеке сессиялар онлайн оқыту кезінде де өткізіледі!
Істерді «кейінге» қалдырмауға тырысыңыз
Сіздің өз ыңғайыңызбен оқуыңызға керемет мүмкіндік екеніне қарамастан, бұл кешіктіруге айтарлықтай мүмкіндік береді. Барлығына жұмысқа қосылуға көмектесу үшін сыныптастарыңызбен байланыста болуға тырысыңыз.
Үнемі кездесіңіз
Әдетте сіз сабақ кезінде сыныптастарыңызбен кездесесіз, енді бір-біріңізге хабарлама жазуға тырысыңыз, бірлескен чат құрыңыз, онда өз жетістіктеріңізбен бөлісесіздер. Ең дұрысы, апта сайын бейне қоңырау шалуға және сөйлесуге тырысыңыз.
Мүмкіндігінше камераны қосуға тырысыңыз
Егер сіз қоңыраулар кезінде бейне камераны қосуға тырыссаңыз, сіз өзіңізді ынталылығыңызды сезінесіз. Бұл сізге басқа адамның нақты әрекеттерін көруге көмектеседі және сізді сыныптастарыңызбен жақындастырады.
Бір-біріңізге қамқор болуға тырысыңыз
Егер сіз дәрістер немесе кездесулер кезінде сыныптастарыңыздың біреуі жоқ екенін көрсеңіз, оларға жеке жазыңыз, оларда бәрі жақсы ма, жоқ па, соны біліңіз. Егер сізге 1-2 күн ішінде жауап бермесе, оқытушыға хабарлаңыз. Осы қиын кезеңдерде бір-біріне қамқорлық жасау өте маңызды және
Есіңізде болсын: бұл өтіп кетеді
Егер COVID-19 сіз асыға күткен жоспарларыңызды бұзса және бұл ең ыңғайсыз кезде болған сияқты болса, есіңізде болсын: бұл уақытша.
Бәрі сабасына түскен кезде барлығы жақсарады. Қашан екенін білмейміз, бірақ оның болатынын білеміз және біз сізге аман қалуға көмектесеміз.
Ал оған дейін аздап сериалдарды қараңыз (дәрістер арасында, әрине), терең дем алыңыз, демалып, қолыңызды жуыңыз.