Коронавирус біздің өмірімізді біраз өзгертті, енді біз үйде отырып білім алу үшін бейімделуіміз және жаңа әдеттер мен дағдылар меңгеруіміз керек
Үйде отырып оқу – сіз үшін ыңғайлы және үйреншікті ортада боласыз. Алайда, көптеген алаңдататын факторларды ескергенде, үйде отырып білім алу қиын болуы да мүмкін.
Шаруаларды кейінге қалдыру әдеті және үй ішінде назарды бір арнаға бұра алмау бастаған ісіңіздің аяқталмауына әкеледі. Сіз теледидар көресіз, қалғып аласыз, инстаграмм қарайсыз, бұл сізді эссе жазуды аяқтаудан немесе жаңа тақырыпты оқып үйрену мақсатынан алыстатата түсетін басқа істермен айналысуға итермелейді.
Бір жақсысы, бізге өнімді жұмыс істеуге көмектесетін бірнеше қарапайым жолдар бар. Осы 8 қарапайым кеңес үйде отырып білім алу кезінде көбірек іс тындыруға өзінің көмегін тигізеді деп үміттенеміз:
- Белсенді оқу
Белсенді оқу – бұл сабаққа дейін, сабақ уақытында және сабақтан кейін сұрақ қою. Бұл оқу пәнінен ауытқымау үшін ғана емес, сондай-ақ өзіңіз оқыған және келесі сабаққа жақсарта түсу үшін керек тақырыптарды талдауға да көмектеседі.
Сабақ басталғанға дейін қандай сұрақтар туралы ойлау керек:
- Мен нені білгім келеді?
- Осы тақырып бойынша не білемін?
Сабақ кезінде қандай сұрақтарды есте сақтаған жөн:
- Қазір үйренетінім осы пән бойынша менің басқа білімімді қалай жетілдіреді?
- Мен жаңа ғана не оқығанымды түсініп отырмын ба?
- Мен мұны өз сөзіммен айта аламын ба?
- Мүмкін, мен жазып алуға тұрарлық маңызды идеяларды немесе жаңа сөздерді білген шығармын? Осы сөздер мен идеялар неге соншалықты маңызды?
Сабақтан кейін өзіме қандай сұрақтар қоюым керек:
- Осы сабақтан мен не түсіндім?
- Келесі сабақ үшін нені қайталауым немесе үйренуім керек?
- Ұйқыңды қандыр
Кез келген жастағы студенттер оқу аптасы кезінде күнделікті 8 сағат ұйықтауы керек. Бұл ой әрекетін қолдаудың ең жақсы жолы және ми күні бойы біліп естіген барлық ақпаратты өңдеуге дайын болады. Сізді бәрін түгел жаттап алу үшін ұзағырақ отыру идеясы қызықтыруы мүмкін, бірақ ағзаға толыққанды демалыс қажет.
- Дұрыс уақытта оқы
Әр студент сергектік сезімін күні бойы уақыттың әр кезеңінде сезінеді. Кейбір адамдар – түнгі үкілер, ал басқалары таңертең оқуды ұнатады. Артықшылығыңызды және өзіңіз барынша өнімді болатын уақытыңызды пайдаланыңыз. Сіз өзіңізді белсенділігіңіздің шыңында сезінгенде және оқып жатқан тақырыпты ең тиімді түсінуге және есте сақтауға дайын болған кезде ғана оқуға тырысыңыз.
- Оқу үшін арнайы орын
Бұл асүйдегі үстел ме немесе бөлмедегі жазу үстелі ме маңызды емес, міндетті түрде тек оқу үшін жеке орныңыз болу керек. Кереуетті тек ұйықтау үшін ғана пайдалануға тырысыңыз, кереуетте жатып оқу ойынан аулақ болыңыз (онда қалай ұйықтап кеткеніңізді байқамай қалуыңыз мүмкін). Ең бастысы, оқуға қажетті материалдарды іздеуге көбірек уақыт жұмсамау үшін, өз орныңызды ұқыпты және таза ұстаңыз.
- Дұрыс тамақтану
Толыққанды тамақтану туралы ұмытпаңыз! Сіздің денеңіз бен ақыл-ойыңыз қалыпты жағдайда болу үшін тамақтануды қажет етеді. Қарныңыз аш болған кезде зейін қою өте қиын. Құнды уақытты босқа жұмсамау және қажеттіліксіз артық алаңдамау үшін пайдалы тамақтарды алдын ала дайындап қойыңыз.
- Үй шаруаларын реттеп қойыңыз
Оқу процесінде қөңіл бөлмеу үшін, сабақ басталғанға дейін үй шаруаларын реттеп алыңыз. Осылайша бүкіл назарды оқуға аудару әлдеқайда оңай болады, оған қоса оқуыңыз біткен соң демалатыныңызды білесіз.
- Кесте
Кесте құрыңыз. Бұл оқу уақытын ұйымдастыруға, үзілістерді жоспарлауға көмектеседі және бұл үйде отырып бірнеше пәндерді үйренген кезде өте маңызды. Кестені параққа жазып алыңыз, сонда сіз оны әрдайым көріп, ұстана аласыз. Оқу үшін жеткілікті уақыт қалдыруға тырысыңыз және әрбір оқу сессиясына үзіліс енгізуді ұмытпаңыз.
- Таймерді қолданыңыз
Таймерді өзіңіз жасаған кестені ұстану үшін қолданыңыз. Таймер тапсырмаларға зейін қоюға және барлық қажетті материалды зерттеуге көмектеседі. Сонымен қатар, үзілістеріңізді тиімді етеді және сіздің демалыс уақытын алаңсыз өткізуіңізге жағдай жасайды (сіз демалуға лайықтысыз!).