Неге сізге NUFYP Student Council-ге кіру керек?
Біз сізге Student Council белсенді қатысушысы болған NUFYP түлегі Орынбасарова Шұғыланың тарихын ұсынуға қуаныштымыз.
“Барлықтарыңызға сәлем! Менің атым Шұғыла және мен 2019-2020 жылдары NUFYP Student Council қатысушысы болдым.
Тамызда, orientation week кезінде, мен фаундерден тұратын студенттік кеңес бар екенін білдім. Мен бірден сол жерге кіруім керек деп шештім. Қыркүйек айының басында Student Council-ге қабылдау жарияланды. Мен өтінішімді қалдырдым, мотивациялық хат жаздым, сұхбаттасудан өттім және сәтті өткендігім туралы хат алдым.
Басқа мемберлермен танысу, басқа foundation студенттеріне арналған Student Council презентациясы, Рейчел және Қаламқаспен жиналыс, біздің қызметіміз міне осылайша басталды. Біздің student representative ретіндегі негізгі міндеттеріміз: Академиялық және мәдени іс-шараларды өткізу, әкімшілікпен бірге олардың мәселелерін жариялау және жұмыс істеу арқылы Foundation студенттерінің университет өміріне бейімделуіне көмектесу, сондай-ақ біз BALEAP және CPS директорымен тақырып мазмұнын өзгерту сияқты маңызды мәселелерге қатыстық.
Student Council жеке даму және soft дағдыларды игеру тұрғысынан жақсы мүмкіндіктер береді. Ең бастысы – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Сондықтан, мен әрқашан белсенді болуға тырыстым және Student Council-де жұмыс істеуге бар күшімді салдым. SC-де жұмыс істеу маған бір ғанибет болды, соның арқасында мен event organization, бейтаныс адамдармен келіссөздер, күтпеген жағдайлардан қалай шығу керектігін, қаржылық және техникалық мәселелерді шешу, командада жұмыс істеу, тайм-менеджмент дағдыларымды жетілдірдім (SC-де жұмыс істеу және оқуды біріктіру кейде оңайға соққан жоқ).
Student Council – бұл іс-шараларды өткізуге, академиялық студенттік мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтындар үшін, жалпы алғанда, қоғамға пайдалы болғысы келетіндер және университеттің дамуына үлес қосқысы келетіндер үшін тамаша орын. (add value to university life).
Қорытындылай келе, Student Council – бұл менің фаундерлік студенттік өмірімнің ажырамас бөлігі, өйткені мұнда жұмыс істегендіктен менің студенттік өмірім қызықты әрі алуан түрлі болды. SC-ге кіретіндерге менің кеңесім, көбірек қызығушылық танытыңыз және тек сіздің департаментіңізде және position-да жұмыс жасамаңыз. Белсенді болыңыз. Мысалы, мәтіндерді жазыңыз, PR менеджерлерімен фотосуреттерді өңдеңіз, treasure-пен бірге қаржылық мәселелермен жұмыс жасаңыз, бейтаныс адамдармен келісіңіз, ивенттермен шығармашылық және тағы басқа да жұмыс жасаңыз (жұмыс жеткілікті). Жаңа оқу жылында баршаңызға сәттілік тілеймін!”