Жаңалықтар

Онлайн емтихандарға дайындық бойынша кеңестер

Соңғы емтихандар аптасы жақындаған сайын, сіздердің көпшілігіңіз емтиханға қалай тиімді дайындалу керектігі туралы ойлана бастайсыздар. Кейбір студенттер үшін онлайн  емтихандар   белгісіз және таныс емес нәрсе. Ұсынылып отырған қысқа тізім сізге онлайн емтиханға дейін, емтихан кезінде және одан кейін де көмектеседі деп үміттенеміз.

Онлайн емтиханға дейін мыналарға дайындалыңыз!

  • Тест бойынша нұсқаулықтарды оқып шығыңыз, түсініп алыңыз. Келесі сұрақтарға жауап бере алатындығыңызға көз жеткізіңіз: тест белгілі бір күнде және белгілі бір уақытта өте ме, немесе сіз емтиханды кез-келген белгілі бір уақыт аралығында тапсырсыз ба? Тестілеуден өту үшін сізге қанша уақыт  беріледі? Оқытушы «білу керек» деп белгілеген деңгейден басқа да маңызды факторлар бар ма?
  • Тест форматын нақтылаңыз. Оқытушы емтиханда сұрақтардың қандай түрлерін қолданады – бірнеше жауап нұсқасы бар сұрақтар, тест, қысқа жауап, эссе? Сұрақтардың әр түрін біріктіре отырып қолдануы мүмкін бе?

Егер сізге оқытушы емтиханды алдын ала сынақ үшін тапсырып көріңіз деп ұсыныс жасаса, тапсырып көріңіз!

  • Компьютеріңізді тексеріңіз. Соңғы минуттарда туындауы мүмкін проблемалардың алдын алыңыз! Емтихан тапсырар алдында компьютерде барлық қажетті жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама орнатылғанына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, өзіңіздің интернет байланысы жақсы ұстайтын жерде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.
  • Сабақ барысында өткен оқу материалдарын оқып шығыңыз. Емтихан кезінде сізге кітапты пайдалануға рұқсат етілсе де, тестілеуді сыныпта отырғандай зерделеп, қайталап оқып шығу өте маңызды.
  • Өз уақытыңызды жоспарлаңыз. Дайындығыңызға қарай нақты тест тапсыруға бөлінетін уақытыңызды шектеңіз. Әр сұраққа қанша уақыт жұмсайтындығыңызды шешіп алыңыз. Телефоннан, электрондық поштадан және басқа көздерден түскен хабарламаларға алаңдамас үшін, оларды өшіріп қойыңыз (немесе дыбыссыз режимге қойыңыз). Теледидар мен радионы өшіріңіз. Сіздің бөлмелес көршілеріңізге немесе отбасыңызға тест тапсыратыныңызды айтып, тест тапсырған уақыт аралығында алаңдатпауды сұраңыз. Тестіден қашан өтетіндігіңізді анықтаңыз. Сізге емтиханды белгілі бір уақытта тапсыру қажет болуы мүмкін; алайда, егер тестіні тапсыруға бірнеше сағат (немесе тіпті күн) берілсе, ең тыныш уақытты таңдаңыз.Тест тапсыру үшін өзіңізге қажетті нәрсенің бәрін жинаңыз. Егер сізге жазбалар, кітаптар немесе жазу құралдары қажет болатындай болса, олардың дайын екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
  • Терең дем алыңыз! Жүйеге кіргеннен кейін, аздап тыныстап, зейін қоюға уақыт табыңыз.

Онлайн емтихан кезінде: ойыңызды жинақтаңыз!

  • Уақытты қадағалаңыз. Тестілеу кезіндегі шектеулі уақытты біліп отыру (мысалы:10 минут) үшін қоңырау сағатын қоюға болады.
  • Егер сізге оқытушы рұқсат етсе, тест сұрақтарының көшірмелерін шығарып алыңыз, сондай-ақ жауаптарыңызды да сақтап қойыңыз. Егер тест кезінде техникалық проблемалар болса немесе жауабыңызды жіберген кезде проблемалар туындай қалған жағдайда олар сізге қажет болады.
  • Тест парағын тастамаңыз! Егер сізге ақпаратты Интернеттен іздеуге немесе басқа веб-сайттарда

тексеруге рұқсат етілсе, емтиханға арналған қосымшаны  немесе браузердің көшірмесін пайдаланбаңыз,  өйткені барлық жұмысыңыз жоғалып кетуі мүмкін. Оның орнына браузердің басқа көшірмесін ашып (немесе мүлдем басқа браузерді таңдаңыз), қажет нәрсеңізді іздеңіз.

  • Техникалық проблемалар? Абыржымаңыз. Дереу нұсқаушыңызбен хабарласып, туындаған проблеманы және қате туралы барлық хабарламаларды толық айтып беріңіз. Экранның скриншотын түсіріп алғаныңыз дұрыс болады.
  • Жұмысыңызды жібермес бұрын, оны тағы бір рет тексеріңіз. Әр жауаптың толық және нақты екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Жауаптарыңыздың нақты екенін, сондай-ақ олардың орфографиясы мен грамматикасын тексеріңіз.
  • «Жіберу» батырмасын басыңыз. Мұны сіз тек бір рет жасауыңыз керек, бірақ егер  проблема болса, тағы бір қайталап көріңіз. Егер тестіні жіберуге қатысты проблемалар әрі қарай жалғасса, бұл туралы дереу нұсқаушыңызға хабарлаңыз және берілген жауаптарды жеке файлмен жіберіңіз

Онлайн емтиханнан кейін: қорытынды жасаңыз

  • Өз жетістіктеріңізді бағалаңыз. Сұрақтарға қалай жауап бергеніңіз туралы ойланыңыз? Сізге қандай сұрақтар қиын болды? Кейбір сұрақтарды жіберіп алған жоқсыз ба? Жазуларыңыз бен жазбаларыңызды қарап шығыңыз және қойылған сұрақтарға жауаптарды таба алатындығыңызға көз жеткізіңіз.
  • Өз бағаңызды тексеріңіз. Кейбір жағдайларда сіз өз бағаңызды бірден біле аласыз. Дегенмен, жазбаша жауап беретін емтихандарды оқытушының бағалауы үшін көп уақыт талап етіледі, сондықтан өз бағаңызды білуіңіз үшін біраз уақыт күту қажет болады.
  • Келесі емтиханды қалай жақсартуға болатындығы туралы өзіңізге сұрақ қойыңыз. Сіздің оқу стратегияңыз жұмыс істеді ме? Сіздің онлайн тест тапсыру жоспарыңыз сәтті болды ма? Кейіннен болатын тестілерді сәтті тапсыру үшін, жүргізген бақылауларыңызды жазып, оларды есіңізде сақтаңыз.