Жаңалықтар

Студенттің жаңа эдвайзерімен таныстыру

Дайындық мектебіне жаңа ғана қосылған және бізге Американың Джорджия штатынан келген Эрик Вентеге қош келдіңіз дегіміз келеді. Эрик осы семестрде Рейчелдің орнына ДМ студенттерімен жұмыс істеу кураторы және егер сіз көмек қажет болатын қандай да бір академиялық немесе жеке түйткілдерге тап болған жағдайда байланысқа шыға алатын адам болады.
“Бәріңізге сәлем, Менің атым Эрик Венте, мен ДМ құрамына кіргеніме өте қуаныштымын. Мен командаға студенттік куратор ретінде қосыламын және NUFYP студенттік кеңесімен жұмыс істеймін. Мен психологиялық кеңес берумен айналысамын және соңғы 9 жыл бойы студенттерді қолдау қызметінде жұмыс істедім. Студенттердің жетістікке жетулері үшін барлық қолдаумен қамтылғандығына көз жеткізу үшін мен мұғалімдермен және студенттермен тығыз жұмыс жасаймын. Егер студенттерге қосымша көмек қажет болса, бір шешімге келу үшін олармен бірге жұмыс істеймін. Мен студенттермен мұғалімдер арқылы байланысамын; қалай болғанда да студенттер әрқашан менімен тікелей байланысқа шыға алады. Менімен электронды пошта арқылы хабарласуға болады, бірақ студенттермен Zoom аарқылы кездескенді жөн көремін. Бұл маған өздеріңізді жақсырақ білуге көмектеседі және есімдеріңізді біліп, түрлеріңізді де танитын боламын. Мен Қазақстанға алғаш рет келдім және осы бір тамаша ел мен оның мәдениеті туралы білуге болатын нәрсенің бәрімен танысқан ұнайды. Бүгін менің Нұр-Сұлтандағы үшінші аптам. Мен мұнда жұбайыммен, 8 және 6 жастағы балаларым Изабель және Конномен бірге келдім. Біз кампуста тұрамыз, сондықтан бізді көріп қалсаңыз, амандасуыңызға болады. Бұл сурет желтоқсан айында түсірілген, сондықтан сіз бізді тануыңыз керек. Менің жұмысымның ең жақсы бөлігі-студенттермен сөйлесу,сондықтан маған хабарласыңыз. Тіпті, жай ғана маған имейл жолдап амандассаңыз да болады!”