
Баршаңызға сәлем! Мен Назарбаев Университетінің FYP Student Council өзін-өзі басқару ұйымының Президентімін. Өзімді жан жақты сауатты, дарынды, шығармашыл адам ретінде сипаттай аламын. Оқуда да, қоғамдық жұмыста да әрқашан белсенділік танытып, ең үлгілі студенттер қатарында тұруға ұмтыламын. Менің ойымша SC ұйымының мүшесі болу үлкен мәртебе болғанымен, үлкен жауапкершілік.
SC ұйымының маңызы - байланыс құру, яғни университет әкімшілігі мен студенттер арасында түсініспеушілікті бодырмау және студенттердің оқу үлгерімі мен қоғамдық белсенділігінде тепе-теңдікті сақтау. Меніңше, біздің ұйымымыз фаундейшн бағдарламасындағы студенттер үшін бакалавриатқа дейінгі жолсерігі, көмекшісі. Біз, FYP Student Council-дің жаңа құрамасы, студенттердің фаундейшн жылынан қалған естеліктері мен тәжірибесін ұмытылмастай етуге, кез-келген қиыншылықтарымен көмек беруге бар күшімізді саламыз!