Талапкерлер

Құрметті Aта-аналар,

NUFYP студенттерінің қоғамдастығына қош келдіңіздер! Біз балаңыздың жоғары білім алу жолында онымен кездесуді асыға күтеміз. Келесі оқу жылы сіздердің балаларыңыз үшін елеулі өзгерістерге толы жыл болмақ, жинақтаған осы тәжірибе арқылы олар өздерінің жеке тұлғалық және зияткерлік қасиеттерін дамыту мүмкіндігіне ие болады. Біздің мақсатымыз университеттегі оқу кезеңінде оларға тиімді қолдау көрсету болып табылады. Студенттерге болашақта Назарбаев Университетінде білім алуы үшін дұрыс негіз құру жолында көмек көрсететін ата-аналардың маңызды рөлін біз жоғары бағалаймыз. Осы құжат NUFYP-тегі оқыту жүйелерімен, пайдалы кеңестермен және маңызды ақпаратпен, даталармен таныстыру мақсатында әзірленген. Оқу процесіне академиялық және әлеуметтік бейімделу ата-аналар үшін де, сондай-ақ балалар үшін де қиын болуы мүмкін екенін түсінеміз, біз тиімді коммуникациялардың көмегімен процесті жеңілдетуге көмектесе аламыз деп сенемін.

Құрметпен,
Rachel Niklas,
Аға куратор (НУ Мектептерінің бакалавриат бағдарламаларына қабылдау қағидалары,
Академиялық және моральдық қолдау көрсету)

Ата-аналарына арналған ақпарат 2019-2020(3)