Талапкерлер

Студенттік өмір

Дайындық бағдарламасының студенттеріне университет қалашығының өміріне белсенді қатысу ұсынылады. Қоғамдық іс-шараларға қатысу студенттерге жаңа достар табуға көмектеседі және осы клубтар студенттерге көшбасшылық, командада жұмыс істеу, шығармашылық ойлау және салауатты өмір салты дағдыларын дамытуға жол ашатын жағдайлар ұсынады. Университетті бітіргеннен кейін, волонтерлік және өзіңіздің сүйікті ісіңізбен шұғылдану жұмысқа қабылдау кезінде немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруға елеулі әсерін тигізеді, сондай-ақ студенттердің жалпы хал-ахуалын  жақсарта түседі.

Кампус аумағында 90-нан астам студенттік клуб бар, қатысуға және ұзақ мерзімді достық қарым-қатынастар мен дағдыларды дамыту қиын емес. Келесілерді қоса алғанда, талғамыңызға сай әр түрлі клубтар ұсынылады:

  Қайырымдылық волонтерлігі

    Мысалдар:
    Назарбаев Университетіндегі Қызыл Жарты ай қоғамы
    Балаларға арналған қайырымдылық

  Спорттың сауықтыру түрлері

    Мысалдар:
    Пәндер және спорт залдары
    Университеттің спорттық іс-шаралары
    Түрлі спорттық клубтар

  Би

    мысалдар:
    Бал билері
    Әлеуметтік латын  биі
    Брейк данс

  Өнер және музыка

    мысалдар:
    Көркемөнер студиясы
    Драма
    Музыка

  Бұқаралық ақпарат құралдары

    мысалдар:
    Әуесқой  фотографтардың фото сурет клубы
    «Tie» студенттік журналы

  Академиялық дамыту

    мысалдар:
    Ханымдар бас қосқан қоғамдастық
    Тоастмастерлер
    «Астана» Жастар Парламенті

Қысқа әңгімелер клубы және Сөйлесу клубы сияқты Университет алдындағы дайындық студенттеріне ғана арналған клубтар да бар.

Клубтардың толық тізімі мен байланыс деректерін Назарбаев Университетінің Студенттік анықтамасынан немесе Студенттік порталдан табуға болады.