
Менің аты-жөнім Тажибаева Тамила. Мен Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегімін. Қазір Назарбаев университетінде Foundation бағдарламасының Студенттік Кеңесінің мүшесімін. Бір жылдық Foundation бағдарламасы болашақ мамандық таңдауда, яғни өміріміздегі ең маңызды шешімдердің бірін байыппен қабылдауға көмектеседі. Қазір мен Экономика саласының маманы болуды жоспарлаудамын, өйткені бұл сала математика мен гуманитарлық ғылымдарды біріктіре отыра, білімді күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Мен Назарбаев Университеті студенттерінің өзін-өзі әртүрлі бағыттарда дамытуға мүмкіндіктері мол екендігіне сенемін. Университетте өткізген екі айда ғана мен бірқатар ауқымды шараларда волонтер болып, танымал тұлғалардың лекцияларына қатысып үлгердім. Сонымен қатар, мен Студенттік Кеңесінің Treasurer лауазымына тағайындалдым. Менің экономист ретіндегі осы тұңғыш тәжірибем қаржы саласына қажет дағдыларымды күшейтуге септігін тигізеді деген үміттемін.